Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығы
(2016.22.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.22.01. № 29 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
ҚР Әділет министрінің 2016.22.01. № 29 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтары күшiн жойды деп танылсын.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 28 наурыздағы
№131 бұйрығына 1 қосымша
ҚР Әділет министрінің 2016.22.01. № 29 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2016.22.01. № 29 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке қазіргі бар және тоқтатылған құқықтар және тіркеудің өзге де объектілері, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иеленуші туралы ақпаратты (бұдан әрі - ақпарат) ұсыну тәртібін айқындайды.