Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 121 Қаулысы
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 212 Қаулысымен күші жойылды
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы әкідігінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 121 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2008 жылғы 14 сәуірдегі
№ 103 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Басқарма) Атырау облысы бойынша жер заңнамасының сақталуын іске асыруға, сондай-ақ қалалық, аудандық атқарушы органдардың жер қатынастарының үйлестіруге, оған басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.