Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 214 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 791 қаулысымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2023 жылға арналған шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және (немесе) ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын ұйымдардың тізімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлердің сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесуі үшін бағалау парағының үлгілік нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 214 бұйрығына
1-қосымша
2023 жылға арналған шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және (немесе) ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын ұйымдардың
тізімі
| № | Шетелдік ұйымның атауы | Ел |
| 1. | Аустралия ұлттық университеті (Australian National University) | Аустралия Одағы (Аустралия) |
| 2. | Кертин университеті (Curtin University of Technology) | Аустралия Одағы (Аустралия) |
| 3. | Дикин университеті (Deakin University) | Аустралия Одағы (Аустралия) |
| 4. | Гриффит университеті (Griffith University) | Аустралия Одағы (Аустралия) |
| 5. | Маккуори университеті (Macquarie University) | Аустралия Одағы (Аустралия) |
| 6. | Монаш университеті (Monash University, Melbourne) | Аустралия Одағы (Аустралия) |