Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 131 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабының 2-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | А. Куантыров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 131 бұйрығымен
бекітілген
Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 85-бабының 2-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: