Введите номер документа
Прайс-лист

«Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 97 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 18 марта 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 5 апреля 2022
Дата последнего измененияпятница, 18 марта 2022

Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 97 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңы 6-бабының 7-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес пана іздеген адамның куәлігі үлгісі бекітілсін.

2. «Пана іздеген адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9592 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

 

 

С. Шапкенов

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

2022 жылғы 18 наурыздағы

№ 97 бұйрығына қосымша

 

Үлгі

Образец

 

сыртқы бет

лицевая страница

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом