Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «Қонаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 56-188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы облысы Қонаев қалалық мәслихатының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 61-208 шешімі
Қонаев қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қонаев қаласы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «Қонаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 56-188 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қонаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер — 48 012 900 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша — 40 199 541 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша — 1 020 714 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша — 443 992 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша — 6 348 653 мың теңге;
2) шығындар — 49 415 642 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу — 54 375 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер — 69 200 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу — 14 825 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо — 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) — -1 457 117 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) — 1 457 117 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
| Қонаев қаласы маслихаты төрағасының м.а. | А. Ракишева |
Қонаев қаласы мәслихатының
2026 жылғы 17 наурыздағы
№ 61-208 шешіміне
қосымша
Қонаев қаласы мәслихатының
2025 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 56-188 шешіміне
1-қосымша
Қонаев қаласының 2026 жылға арналған бюджеті
| Санаты | | | | | | | | Сомасы, мың теңге |
| | Сыныбы | | | | | | |
| | | Ішкі сыныбы | | | | | |
| | | | | | | | Атауы | | | |
| | | | І. Кірістер | 48 012 900 |
| 1 | | | Салықтық түсімдер | 40 199 541 |
| | 01 | | Табыс салығы | 35 056 175 |
| | | 1 | Корпоративтік табыс салығы | 10 588 366 |
| | | 2 | Жеке табыс салығы | 24 467 809 |
| | 04 | | Меншікке салынатын салықтар | 1 676 341 |
| | | 1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 963 940 |