Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 Қаулысы
(2018.04.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 122-бабының 2-тармағына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2018.04.04. № 161 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 593 қаулысымен
бекітілген
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
тiзбесi
| Р/с № | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың атауы | Алаңы, гектар | Орналасқан жерi | Кімнің қарамағында |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| Ақмола облысы |
| 1 | Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы | 543171 | Ақмола облысының Қорғалжын ауданы, Қарағанды облысының Нұра ауданы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
| 2 | «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi | 182076 | Ақмола облысының Зерендi ауданы, Солтүстiк Қазақстан облысының Айыртау ауданы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
| 3 | «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі | 129299 | Бурабай ауданы | Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы |
| 4 | Шығыс мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық) | 100000 | Еңбекшілдер ауданы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |