Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің »Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 28 июня 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июня 2021
Дата последнего измененияпонедельник, 28 июня 2021

«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) жетекшілік ететін уәкілетті орган болып;

2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге енгізсін;

2) кәсіпорынның «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) таратылсын.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті серіктестіктің кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорынның балансына берсін.

6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом