Кәсіптік ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандарын және оларды ұсыну мерзімділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 296 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 17 маусымға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесі және мерзімділігі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Консультациялық органмен ынтамақтастығы туралы есеп нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым өткізген емтихандар, ол таныған және берген сертификаттар туралы есеп нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп нысаны.
2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;