Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 703 бұйрығы
(2024.18.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.31.07. № 60 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік саясат және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 19 қарашадағы
№ 703 бұйрығымен бекітілген
Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы
үлгілік ереже
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024.31.07. № 60 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Негізгі ережелер