Введите номер документа
Прайс-лист

«Өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 250 бұйрығы (2024.11.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 16 июля 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 21 августа 2018
Дата последнего изменениявоскресенье, 11 августа 2024

Өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 250 бұйрығы

(2024.11.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2024.26.07. № 6 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами