ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Экология, геология
және табиғи ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығығына 1-қосымша
«Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2025.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.14.02. № 51 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасының (бұдан әрі - ЖҚПБП) ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы электрондық түрде су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді.