Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 желтоқсан
№ 325 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе)
учаскелерінің тізбесі
| № | Су айдындары және (немесе) учаскелері | Ауданы, (га, км) | Орналасқан жері |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Ақжайық ауданы |
| 1. | Бітік су қоймасы | 3540 га | Жаңабұлақ ауылынан 27 км |
| 2. | Дөңгелек су қоймасы | 3046 га | Қабыршақты ауылынан оңтүстікке 12 км |
| 3. | Грачи 1 өзенінің учаскесі | 10 км | Грачи 1 және Грачи 2 өзендерінің қосылған жерінен жоғары 10 км (Дөңгелек ауылы маңында) |