Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы
(2016.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| «КЕЛІСІЛДІ» | «КЕЛІСІЛДІ» |
| Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасы |
| Қаржы министрі | Ұлттық экономика министрі |
| Б. Сұлтанов | Е. Досаев |
| 2014 жылғы 9 желтоқсан | 2014 жылғы 29 желтоқсан |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 3-2/615 бұйрығымен
бекітілген
Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп
өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.21.10. № 446 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)