Өскемен қаласы әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің 2024 жылғы 15 наурыздағы № 1 шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 1 шешімімен күші жойылды
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қаласы әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7982 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өскемен қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өскемен қаласы аумағында сайлау учаскелері осы шешімге қосымшаға сәйкес құрылсын.»;
көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |
«КЕЛІСІЛДІ»
Өскемен қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
Өскемен қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 15 наурыздағы
№ 1 шешіміне
қосымша
Өскемен қаласы әкімінің
2020 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1 шешіміне
қосымша
Өскемен қаласының аумағындағы сайлау учаскелері
№ 1 сайлау учаскесі
Орналасқан орны: Қаныш Сәтпаев даңғылы, 26/1, Шығыс Казақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 24 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны 61-76-04.
Шекаралары:
Қаныш Сәтпаев даңғылы № 18, 20, 22, 22/1, 22/2, 24, 26, 28, 32, 34, 36, 36/1, 36/2, 48, 50, 50/1, 52, 54, 58, 60.
№ 2 сайлау учаскесі
Орналасқан орны: Жастар көшесі, 31/3, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефоны 60-84-86.
Шекаралары:
Жастар көшесі № 16, 18, 20, 33, 37, 37/1, 37/2, 39, 39/1, 41, 43.
№ 3 сайлау учаскесі