Мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 356 бұйрығы
(2019.17.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығымен күші жойылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының 14-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемориалдық тақталарды орнатудың қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы бұйрықтың гербтық мөрмен расталған электрондық тасымалдаушыдағы көшірмелерін қағаз нұсқаларының көшірмесімен қоса «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралар орындалған күннен бастап он күннің ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 356 бұйрығына 1-қосымша