Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СУБСИДИЯ БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРА...

Информация о документе
Датавторник, 29 декабря 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 29 декабря 2015

Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1120 Қаулысы

 

Осы редакция 2018 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 291-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық субсидия беру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 68, 626-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 және «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1175 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 210 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 21, 115-құжат).

3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1120 қаулысымен

бекітілген



Инвестициялық субсидия беру

 қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Инвестициялық субсидия беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 291-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және инвестициялық субсидия беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) инвестициялық субсидия - инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом