Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-168/2020 бұйрығы
(2026.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026.04.08. № 87 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026.04.08. № 87 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 22 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 614 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 15671 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде электрондық түрде 2017 жылғы 21 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.