«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығы
(2021.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021.17.06. № 214/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 776-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 16 тармағының 1) жүз тоқсан бірінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017.09.08. № 287 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021.17.06. № 214/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар: