Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 13 қарашадағы № 1596 бұйрығы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі | Д. Косанов |
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 13 қарашадағы
№ 1596 бұйрығымен
бекітілді
Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) жанындағы әскери кафедраларда (әскери факультеттерде) оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.