Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешімі
(2019.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017.30.05. № 160 шешімімен тақырыбында, бүкіл мәтіні бойынша және қосымшаларында «ставкалары», «ставкаларының» сөздері «мөлшерлемелері», «мөлшерлемелерінің» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018.22.02. № 254 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019.01.03. № 384 шешімімен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Орман Кодексі» Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 587-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17560 тіркелген, Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларының 6-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Орман пайдалану төлемінен түскен қаражат жергілікті бюджет кірісіне жіберілсін.