Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның және Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1034 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 26-бабы 2-тармағына, сондай-ақ «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 55 бұйрықта:
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі Ережесі, осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
2) «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрықта:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы Ережесі, осы бұйрықтың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
мына мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: