Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 57/01 Қаулысы
(2025.10.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 ж. 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 2 тармағының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтоғай ауданының әкімі | C.Абеуова |
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2025.26.02. № 11/03 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 14 қазандағы
№ 57/01 қаулысына
қосымша
Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақтоғай ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен ақы төлеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай төлем құжаты - тұтынушының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық және басқа да қосымша қызметтерді төлеуге арналған төлем құжатының нысаны;