Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № А-2/81 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 21 ақпандағы
№ А-2/81 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы № А-6/229 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4849 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Ақмола облысы әкімдігінің «Орта білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/275 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4884 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Ақмола облысы әкімдігінің «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 26 маусымдағы № А-7/298 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4917 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).