Ғылыми бағыттар сыныптауышын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 386 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Ғылыми бағыттар сыныптауышы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 5 тамыздағы
№ 386 бұйрығына қосымша
Ғылыми бағыттар сыныптауышы
| Бірінші деңгей | Екінші деңгей | Үшінші деңгей |
| 10000 Жаратылыстану ғылымдары | 10100 Математика | 10101 Математика |
| 10102 Қолданбалы математика |
| 10103 Статистика және ықтималдылық |
| 10104 Математикалық физика |
| 10105 Математика, пәнаралық қолдану |
| 10106 Логика |
| 10200 Физикалық ғылымдар | 10201 Атомдық, молекулалық және химиялық физика |
| 10202 Конденсацияланған зат физикасы |
| 10203 Бөлшектер және далалық физика |
| 10204 Ядролық физика |
| 10205 Физика сұйықтықтар мен плазма |
| 10206 Оптика |
| 10207 Акустика |
| 10208 Астрономия и астрофизика |
| 10209 Қолданбалы физика |
| 10210 Кванттық ғылым және технологиялар |
| 10211 Механика |
| 10212 Пәнаралық физика |
| 10300 Химиялық ғылымдар | 10301 Органикалық химия |
| 10302 Бейорганикалық және ядролық химия |
| 10303 Полимер туралы ғылым |
| 10304 Полимерлер туралы ғылым |
| 10305 Электрохимия |
| 10306 Аналитикалық химия |
| 10307 Қолданбалы химия |
| 10308 Кристаллография |
| 10309 Пәнаралық химия |
| 10400 Жер туралы және қоршаған ортаны қорғау ғылымдары | 10401 Геохимия және геофизика |
| 10402 Қоршаған орта туралы ғылымдар |
| 10403 Физикалық география |
| 10404 Геология |
| 10405 Метеорология және атмосфера туралы ғылымдар |
| 10406 Минералогия |