Введите номер документа
Прайс-лист

«Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 21 июня 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 6 июля 2024
Дата последнего измененияпятница, 21 июня 2024

Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрі

 

А. Шаккалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

Бірінші вице-министрі

2024 жылғы 21 маусымдағы

№ 262-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 15-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) айналым қаражатын толықтыру - ішкі сауда субъектісінің мәлімделген қызметіне байланысты және салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуді болдырмайтын кредитінің нысаналы мақсаты;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами