Введите номер документа
Прайс-лист

«Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 313 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 29 августа 2019
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 июля 2021

«Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 313 бұйрығы

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 209 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 1) тармақшасының жиырма бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекет ақпарат саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 199 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15174 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда электрондық түрде нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом