Введите номер документа
Прайс-лист

«Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруді (Jauynger.gov.kz) цифрландыру пилоттық жобасын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 834 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 467/НҚ бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 2 августа 2024
Статус
Утратил силу
утратил силу с 31 декабря 2024

Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруді (Jauynger.gov.kz) цифрландыру пилоттық жобасын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 834 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 467/НҚ бірлескен бұйрығы

 

7-тармаққа сәйкес 2024 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисі» (Jauynger.gov.kz) ақпараттық жүйесі арқылы азаматтарды қатардағы жауынгер және сержант құрамы лауазымына келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу және қабылдау алгоритмі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтап, пилоттық жобаны әдіснамалық және техникалық қолдауды, ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

2) пилоттық жоба кезеңінде бағыт бойынша лауазымды адамдар үшін өтінімді қабылдаудың, өңдеудің және ол бойынша шешім қабылдаудың ішкі регламентін бекітсін;

3) әскери басқару органы мен әскери бөлімге кандидатты қабылдауды және оны жеке құрамның тізіміне қосуды ұйымдастыру бойынша тиісті нұсқау жіберсін;

4) өтінімді қабылдауды, өңдеуді және қорытындылауды осы бірлескен бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес регламент бойынша жүзеге асырсын;

5) дербес дерекке қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы дербес дерек субъектісінен немесе оның заңды өкілінен келісім алуды қамтамасыз етсін;

6) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен дербес дерекке қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисіне қол жеткізу туралы келісім жасасын;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!