Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 210 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4879 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі | Ә. Жақсыбеков |
| «КЕЛІСІЛДІ» | «КЕЛІСІЛДІ» |
| Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасының |
| Ішкі істер министрі | Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы |
| милиция генерал-майоры | милиция генерал-майоры |
| Қ. Қасымов | Н. Әбіқаев |
| 2011 жылғы 2 мамыр | 2011 жылғы 29 шілде |
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2011 жылғы 18 мамырдағы
№ 220 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер