Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ ҚАҒ...

Информация о документе
Датасреда, 28 сентября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 28 сентября 2022

Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 Қаулысы

(2022.28.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

ҚР Үкіметінің 2022.22.09. № 720 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы 31 қаңтардағы

№ 36 қаулысымен

бекітілген

 

 

Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2022.22.09. № 720 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 28 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүргізуге, дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, пайдалануға, адамның жеке басын анықтауға немесе растауға уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) амплификация - хромосомалық дезоксирибонуклеин қышқылы (бұдан әрі - ДНҚ) учаскелерінің қосымша көшірмелерінің пайда болу процесі;

2) генетикалық профиль - адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін ДНҚ-ның белгілі фрагменттері туралы кодталған ақпарат;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом