Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 249 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Жамбыл облысы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл облысының әкімі | Н. Нуржигитов |
Жамбыл облысы әкімдігінің
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 249 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2148 болып тіркелген).
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 75 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2208 болып тіркелген).
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 202 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2309 болып тіркелген).