ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.30.01. № 40 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
14-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен күші жойылды
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға тапсырылған сәттен бастап - 6 (алты) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған акт не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.