Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 403 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | К. Ускенбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Цифрлық даму,
инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 12 шілдедегі
№ 403 бұйрығымен
бекітілген
Өнеркәсіптік гранттар беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіптік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының(бұдан әрі - Заң) 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік гранттар беру тәртібін анықтайды.