Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 454 Қаулысы
Осы редакция 2026 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 66-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) есепті жылдан кейінгі 15 сәуірге дейін Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі есепті жылдан кейінгі 1 мамырға дейін мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынып тұрсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 12 маусымдағы
№ 454 қаулысымен
бекітілген
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған
тұжырымдамасы
1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)
| Атауы | Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы |