Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 529 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 44-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 529 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасын айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер