Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 1074 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабынның 1-тармағының 2) тармақшасына, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 102 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (көліктегі) әкімшілік-аумақтық бірліктерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарлары айқындалсын.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (көліктегі) әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер болмаған кезеңде міндеттерін атқару олардың орынбасарларына жүктелсін.
3. Мынадай:
1) «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарларын айқындау туралы» вице-министрдің - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 117 бұйрығының;