Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2006.20.02 № 126-III ҚРҢ ЗАҢЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы

(2012.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы

2-1-тарау. Бөлінген активтер

2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру

3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері

4-тарау. Қорытынды ережелер

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендiрудiң құқықтық негiздерi мен шарттарын белгiлейдi, жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде талап ету құқығын берудi жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы қаржы компаниясы - жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;

2) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражаты - активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал және жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерi аяқталғаннан кейiн алынған (келтірілген) кiрiстер (залалдар). Бөлiнген активтер, арнайы қаржы компаниясының облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатына кiрмейдi;

3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары - эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар;

4) базалық шарт - ол бойынша бір тарап мүлікті түзуге және екінші тарапқа беруге немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсетуге және (немесе) тауарлар шығаруға және (немесе) жұмыстарды орындауға міндеттеме алатын жазбаша келісім;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом