Введите номер документа
Прайс-лист

«Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 414 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 28 июня 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июня 2024
Дата последнего измененияпятница, 28 июня 2024

Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 414 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 221-бабының 6-тармақты төртінші бөлігің іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген ұйымдарға хабарланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

 

А. Әлназарова

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің

2024 жылғы 28 маусымдағы

№ 414 бұйрығына

қосымша

 

 

Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының

тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом