Введите номер документа
Прайс-лист

«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 187 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 13 апреля 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 27 апреля 2026, 12 июля 2026

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 187 бұйрығы

 

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін және ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа қосымшаның 1, 2 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрі

 

С. Нурбек

 

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрі

2026 жылғы 13 сәуірдегі

№ 187 бұйрығына

қосымша

 

 

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1-тармақ 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

1. «Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:

5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту мен онлайн-оқытуды қоса алғанда, инновациялық технологиялар мен оқыту нысандарын дамыту;»;

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами