Введите номер документа
Прайс-лист

«Ионосфера институты» және «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі еншілес серіктестіктерінің қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 857 Қаулысы (2025.15.10. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 31 октября 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 31 октября 2022
Дата последнего изменениясреда, 15 октября 2025

 «Ионосфера институты» және «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі еншілес серіктестіктерінің қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 857 Қаулысы

(2025.15.10. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҰҒЗТО» АҚ) «Ионосфера институты» және «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі еншілес серіктестіктерінің (бұдан әрі - серіктестіктер) қатысу үлестерінің 100 (бір жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) «ҰҒЗТО» АҚ-мен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2) серіктестіктердің қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 31 қазандағы

№ 857 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгеріс пен толықтырулар

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом