Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымын және орналасуын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 135 бұйрығы
(2019.19.04. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымы және орналасуы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің құрылымдары мен орналасулары туралы» 2014 жылғы 21 қарашадағы № 840;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің құрылымдары мен орналасулары туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 840 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 шілдедегі № 735;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің құрылымдары мен орналасулары туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 840 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы 16 қазандағы № 684;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің орналасуы туралы» 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 859;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің құрылымдары мен орналасулары туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 840 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 67;