Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 45/НҚ бұйрығы
(2023.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 18 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.27.10. № 399/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.27.10. № 399/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.27.10. № 399/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;