Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 474 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы
аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау
қағидалары
Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 133-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жұмыс органы (конкурс ұйымдастырушы) - Ұлттық қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі конкурсты (бұдан әрі - конкурс) ұйымдастыру және өткізу бойынша барлық іс-шараларды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;