Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлік нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 196 бұйрығы
(2025.31.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлік нормалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.