Введите номер документа
Прайс-лист

«Салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақшаны қабылдау үшін мемлекеттік баж және автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу жөніндегі қатаң есептілік бланкілерінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 549 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 30 сентября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего изменениявторник, 30 сентября 2025

Салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақшаны қабылдау үшін мемлекеттік баж және автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу жөніндегі қатаң есептілік бланкілерінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 549 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 614-бабының 3-тармағына және 672-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналардың:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақшаны қабылдау үшін мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу жөніндегі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу жөніндегі қатаң есептілік бланкілерінің нысаны бекітілсін.

2. «Салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын және жер салығын жинауға арналған квитанцияның және салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақша қабылдау үшін қатаң есептілік бланкінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 71 бұйрығының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде (№ 16382 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом