Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 42/02 Қаулысы
(2017.16.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017.16.10. № 65/01 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;