«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 - 2029 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 33 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 849 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 - 2029 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 33 қаулысымен
бекітілген
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының
2020 - 2029 жылдарға арналған даму стратегиясы
Кіріспе
1. Ағымдағы жағдайды талдау
1.1. Сыртқы ортаны талдау
1.2. Ішкі ортаны талдау
1.3. Тұжырымдар
2. Холдингтің миссиясы мен пайымы
3. Қызметтің стратегиялық бағыттары
3.1. АӨК-дегі тұрақтандыру функцияларын іске асыруға қатысу
3.2. АӨК-де бәсекеге қабілеттілікті дамытуға жәрдемдесу
3.3. АӨК-де инвестициялар тарту және қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету
3.4. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету және кредиттік процестің тиімділігін арттыру мақсатында холдингті трансформациялау
4. Қызметтің түйінді көрсеткіштері
5. Стратегияны іске асыру тәуекелдері және оларды басқару бойынша іс-шаралар
Кіріспе