Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесі мен көлемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 200 бұйрығы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларының, жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің тізбесі мен көлемдері;
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде жолдау;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң және норма щығармашылық үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.