Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 207 қаулысымен
бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 11 Қаулысымен күші жойылды
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелді) бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.