Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығы
(2025.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2025.11.03. № 126-н/қ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 273) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 9 қаңтар
ҚР Энергетика министрінің 2025.11.03. № 126-н/қ бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 211 бұйрығымен бекітілген
Жылу энергиясын пайдалану
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер